27.09.2023, 10:23
Қоғам
Алматыда өзін шенеунік ретінде таныстырып, аса ірі көлемде қаржы жымқырған алаяқ ұсталды
Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды
видеодан скриншот
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті 1986 жылы туған қала тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Департаменттің мәліметінше, ол өзін құқық қорғау органдарының қызметкері, жоғары лауазымды шенеуніктердің көмекшісі ретінде таныстырып, әртүрлі мәселелерді шешу бойынша қызмет ұсынған.
Сондай-ақ алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы азаматтардың мүлкін аса ірі көлемде жымқырған. Ақшалай қаражат мемлекеттік органдарда оң шешім қабылдатуға арналған.
Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.
Қолда бар мәліметтерге сәйкес, азамат басқа да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін.
Көп оқылған
17.05.2026, 07:29
Синоптиктер 17 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады
17.05.2026, 08:31
Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
18.05.2026, 10:33
«Көсе Гөкер мырза, уақыт жетті!»: Нәлібаев Алматы әуежайының құрылысын сынап, жаңа басшысына шілдеге дейін ғана уақыт берді
17.05.2026, 06:38
Қазақстанда соңғы жылдардағы ең ерекше «Музей түні» өтеді