$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.09.2023, 00:23
Қоғам

Каспий теңізінен 3 күн бұрын батып кеткен балықшының денесі шығарылды

1993 жылы туған азаматқа үш күннен бері іздестіру жұмыстары жүргізілген

Каспий теңізінен 3 күн бұрын батып кеткен балықшының денесі шығарылды

Ақтауда Каспий теңізіне 24 қыркүйек күні батып кеткен балықшының денесі шығарылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy өңірдің төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

1993 жылы туған азаматқа үш күннен бері іздестіру жұмыстары жүргізілген.

Болжам бойынша ол 24 қыркүйекте теңіз астынан балық аулау кезінде батып кеткен.

«Бүгін 12:08-де төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері Шора су арнасы ауданында жағадан 400 метр жерде ( 5 метр тереңдіктен) адам денесін судан тауып алып, шығарды»,- делінген баспасөз мәліметінде.

Іздестіру жұмыстарына Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар басқармасының қарушылары, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша жеке құрамы жұмылдырылған. Сондай-ақ іздестіру жұмыстарына мұндай жағдайға бей-жай қарамайтын адамдар мен еріктілер қосылған.

Серіктес жаңалықтары