24.09.2023, 16:44
Қоғам
Қазақстан спортшылары қазіргі бессайыстан Париж Олимпиадасына екінші лицензия жеңіп алды
Қазақстан құрамасы Азия ойындарында күміс және қола медаль жеңіп алды
Фото: massaget.kz
Ерлер арасындағы жарыстың қорытындысы бойынша Георгий Борода-Дудочкин Париждегі Олимпиадаға жолдама алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ол жалпы есеп бойынша 1 411 ұпай жинап, оныншы болды.
Азия ойындарында спорттың 8 түрі бойынша олимпиадалық лицензиялар ойнатылады. Қазіргі бессайыстан басқа, бокс, садақ ату, жүзу, брейкинг, көгалдағы хоккей, теннис және жеңіл атлетика да бар.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы Азия ойындарында күміс және қола медаль жеңіп алды. Сонымен бірге әйелдер арасындағы қазіргі бессайыс бойынша Елена Потапенко бесінші орын алды. Ол келесі жылы өтетін Париж Олимпиадасында өнер көрсетуге жолдама жеңді.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген