Алматыда 4,3 млрд теңгенің ұтымсыз пайдалануына жол берілмеді – Антикор

Azattyq Rýhy

Сараптама тобы мемлекеттік сатып алудағы олқылықтарға назар аударды

Алматыда 4,3 млрд теңгенің ұтымсыз пайдалануына жол берілмеді – Антикор
© Sputnik / Абзал Калиев

Биыл мегаполистің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру шеңберінде 4,3 млрд теңге бюджет қаражатын ұтымсыз пайдалануға жол берілмеді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Арман Рахимов Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесінің отырысында хабарлады.

«Бүгінде қоғамдық кеңеспен үйлесімді жұмыс барысында жекелеген салаларда жақсы нәтижелер бар. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізуде, мемлекеттік сатып алу мониторингінде, сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының заңсыз іс-әрекеттерінің фактілерін анықтау мақсатында қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуде бірлескен күш-жігерді одан әрі қолдану қажет», - деп атап өтті спикер.

Отырыс барысында Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасында және Алматы қаласы қаржы басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жай-күйіне мониторинг нәтижелері қаралды.

Мониторинг қорытындысы бойынша сараптама тобы басқарма мен тиісті органдар тарапынан шаралар қабылдауды талап ететін бірқатар мәселелерге, оның ішінде мемлекеттік және тәркіленген мүлікті пайдалану мен сатуға, негіздемелік келісімге сәйкес сатып алудағы олқылықтарға назар аударды.

Осы бағыттардағы сыбайлас жемқорлық көріністерін жою үшін мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде барынша ашықтықты қамтамасыз ету, бір көзден сатып алуға қойылатын талаптарды қатаңдату, тәркіленген мүлікпен жұмыс істеу кезінде адами факторды болдырмау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу, сондай-ақ негіздемелік келісім шеңберінде сатып алу бойынша ішкі тексеру жүргізу жөнінде ұсынымдар берілді.

Сондай-ақ отырысқа қатысушылар бюджетті құру кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынатын негіздемелерді неғұрлым мұқият зерделеу, сондай-ақ Қоғамдық кеңестің келісуіне бюджет жобасын алдын ала ұсыну қажеттігін атап өтті.

«Қоғамдық кеңеске заңда көзделген мерзімге қарамастан бюджеттік бағдарламаларды келісу үшін қысқа  мерзімдер беріледі. Бұл факт жобаны егжей - тегжейлі талдауға және жоспарлау кезеңінде жұртшылықтың наразылығын тудыратын мемлекеттік сатып алуды барынша азайтуға мүмкіндік беретін сапалы ұсыныстар беруге кедергі келтіреді», - деп атап өтті Қоғамдық кеңес мүшелері.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.