ШұғылCOVID-19 жұқтырған 16 науқас аса ауыр халде жатыр

Нұр-Сұлтанда пневмония және ЖРВИ-мен ауырған науқастарға орталықтар ашылды

Бұл орталықтарда оларды коронавирусқа тексереді

Фото: coronavirus2020.kz

Тыныс алуы қиын адамдарға және жедел респираторлы вирустық инфекциялар диагнозы бар пациенттерге уақытылы медициналық көмек көрсету үшін 2 орталық анықталды. Сонымен бірге бұл орталықтарда оларды коронавирусқа тексереді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Біріншіден, орталық жол ауруханасының терапиялық корпусы пневмониясы бар пациенттерді ғана қабылдайды. Блокта оқшауланған қабылдау-диагностикалық бөлімше ұйымдастырылған. Пациенттерді коронавирусқа да тексеретін болады.

Екіншіден, №2 қалалық емхана базасында (Желтоқсан көшесі, 36) ЖРВИ белгілері бар пациенттерді қабылдау үшін обсервациялық емхана ұйымдастырылды. ЖРВИ белгілері бар науқастарды тек №2 қалалық емхана қабылдайды.

«Емханада емделушілерге коронавирустық инфекцияға зертханалық-диагностикалық зерттеулер жүргізіледі. Сондай-ақ, үш көпбейінді ауруханалардың акушерлік блоктарында барлық қажетті медициналық жабдықтармен жабдықталған, жүкті әйелдерді қабылдау үшін жеке кіретін есігі бар перзентханалар ұйымдастырылды. Осы шаралардың барлығы уақытылы медициналық көмек көрсетуге және инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған», - деп жазылған хабарламада.