29.03.2020, 15:48
Қоғам
Бүгін Нұр-Сұлтанға үш рейспен 274 адам келді
Бүгін тағы 4 рейс келеді деп күтілуде
Фото: ашық дереккөзден
Соңғы тәулікте елордаға 3 рейспен 274 адам келді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова Хабар24 арнасында өткен онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Елордаға халықаралық әуежай арқылы келгендерді оқшаулау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осы кезге дейін 18 рейспен жұмыс істедік. Соңғы тәулікте тағы 3 рейспен 274 адам келді. Олардан зертханалық тексеру үшін сынама алынды. Нәтижесін күтудеміз. Бүгін тағы 4 рейс келеді деп күтілуде», - дейді Сәуле Қисықова
Көп оқылған
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды