$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.03.2020, 12:58
Қоғам

Алматы көшелеріндегі қылмыс екі есе азайды

Қылмыс 57,4 пайызға төмендеген

Алматы көшелеріндегі қылмыс екі есе азайды
Фото: almaty.tv

Алматы көшелеріндегі қылмыс екі есе азайды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі Алматы қалалық полиция Департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қылмыс 57,4 пайызға төмендеді. Айта кету керек, біреудің мүлкін ұрлау 44,4 пайызға азайды. Көшеде және қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар саны 55,5 пайызға азайды. Сонымен қатар, Жедел штабтың бұйрығына сәйкес полиция қызметкерлері 19 наурыздан бастап карантиндік аймақтар-инфекция ошақтарын қоршады», - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда қалада инфекция ошақтарында қоғамдық тәртіпті сақтауға 125 полиция қызметкері тартылған.

«Әрбір мекен-жайда полиция қызметкерлерімен бірге аудан әкімдіктерінің қызметкерлері және санитарлық-эпидемиологтар жұмыс істейді. Инфекция ошақтары мен бекеттерде қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмейді», - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы полиция полковнигі Қанат Таймерденов.

Серіктес жаңалықтары