Бас прокуратура Самат Әбішке қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде
Тергеу құпия құжаттаманың едәуір көлемін зерделеумен байланысты
Бас прокуратураның Арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты «қаңтар оқиғалары» кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу құпия құжаттаманың едәуір көлемін зерделеумен байланысты.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.
«Сонымен қатар, қадағалау ведомствосы Конституция нормаларына сәйкес заң мен сот алдында бәрі тең екенін атап өтті. Тергеу қорытындысы бойынша заңды іс жүргізу шешімі қабылданатын болады», - делінген хабарламада.