Қарағанды облысында жол қауіпсіздігіне арналған автошеру ұйымдастырылды

Azattyq Rýhy

Автошерудің ұзындығы 1500 шақырымнан асады

Қарағанды облысында жол қауіпсіздігіне арналған автошеру ұйымдастырылды

27 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Қарағанды облысында «Назар аударыңыз - балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Аталған іс-шара аясында «Нұра-Осакаровка-Теміртау-Қарқаралы-Ботақара-Ақсу-Аюлы-Балқаш-Приозерск» бағыты бойынша автошеру өткізілді. Іс-шара балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.

Автошерудің ұзындығы 1500 шақырымнан асады.

Автошеруге 250-ден астам бала қатысып, 600 жадынама мен буклет таратылды.

Автожанармай құю станцияларында, дүкендерде, қала маңындағы кафелерде жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша жапсырмалар желімделген.

Балалар Қарағанды облысы ПД қызметкерлерімен бірлесіп жүргізушілермен профилактикалық әңгімелер өткізді, ЖҚЕ сақтау бойынша өз суреттерін сыйға тартты. Балалармен викториналар өткізілді.

Аудио үгіт барлық елді мекендерде маршрут бойынша жүргізілді.

Автошеруді өткізуге арнайы мақсаттағы 33 автокөлік және «Қызыл Жарты Ай» қоғамының өкілі жұмылдырылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.