$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.09.2023, 14:07
Қоғам

«Самұрық-Қазынаға» қарасты мекемелердің бірі 15 млрд теңгені «желге ұшырған»

Бұл қаржыға ЖШС жел электр станциясын салуы тиіс болған

«Самұрық-Қазынаға» қарасты мекемелердің бірі 15 млрд теңгені «желге ұшырған»
Коллаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев

Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының «немерелерінің» бірінде желдің көмегімен электр энергиясын өндіру бойынша объектіні салуға бағытталған 15 млрд теңгеден астам сомаға активтерді ысырап еткені анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«2020 жылы 100% үлесі «Самұрық-Энерго» АҚ-ға тиесілі «Eneymentau Wind Power» ЖШС тендер қорытындысы бойынша Ерейментау ауданында «Олимп Транс Сервис» ЖШС-мен жалпы сомасы 26,1 млрд теңгені құрайтын қуаты 50 МВт жел электр станциясын (ЖЭС) салуға шарт жасасты», - делінген Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің хабарламасында.

Шарт талаптарына сәйкес нысан 17 ай бұрын 2021 жылдың 4 маусымына дейін салынуы керек еді.

«Алайда 2020 жылы «Олимп Транс Сервис» ЖШС мердігері жұмыстарды бастаған жоқ, бұл ретте 10,5 млрд теңге сомасында аванстық төлемдер толық көлемде төленді. Мердігерге бұл мөлшердегі аванс жеткіліксіз болды, жел генераторларының 11 кешенін жеткізу үшін ол авансты арттыруды талап етті. «Ereymentau Wind Power» ЖШС медиацияны пайдалана отырып, заңды негізсіз аванс сомасын тағы 5,5 млрд теңгеге арттырды», - делінген хабарламада.

Бірақ бұл мердігерге шарт талаптарын орындауға көмектеспеген.

«Бүгінгі күні 15,4 млрд теңгеге жұмыстар орындалмады, жел генераторларының 11 кешенін жеткізу жүргізілген жоқ. «Ereymentau Wind Power» ЖШС Бақылау кеңесі мен бұрынғы басшылығының «адалдығы» 15,4 млрд теңге мөлшерінде төленген аванстың қамтамасыз етілмегендігіне және Мердігер шартты орындамаған жағдайда сақтандыру төлемін алу мүмкіндігінің жоғалуына әкеп соқты», - дейді комитет өкілдері.

Бұл ретте, қазіргі уақытта ақшаны қайтару бойынша ешқандай талап-арыз жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ.

Бүгінгі таңда аудит объектісінің атына анықталған бұзушылықтарды жою және осы заңбұзушылықтарға қатысы бар адамдардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жіберілді.

Серіктес жаңалықтары