$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бір киік 7 келіге дейін шөп жейді»: киіктер саны қалай реттеледі

Киік санының өсуіне байланысты туындаған проблемалық мәселелерді жергілікті тұрғындар да талқылады

«Бір киік 7 келіге дейін шөп жейді»: киіктер саны қалай реттеледі
Фото ашық дереккөзден

ҚР ҒЖБМ ҒК Зоология институтының биоценология және аңтану зертханасының меңгерушісі Константин Плахов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте киіктердің популяциясы мен олардың санын реттеу жайлы айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Бір ересек киік күніне 7 кг-ға дейін шөп жеп, шамамен 5 литр су ішеді. Яғни, Орал популяциясының 1,13 млн бас киігі (олардың көктемде көбейетінін ескерсек) күн сайын 8 мың тоннаға дейін шөп және 6 мың тоннаға жуық су тұтынады. Әрине, бұл жағдай жайылымдар мен суаттарға айтарлықтай әсер етеді», - деді ол.

ҚР АШМ ақпараты бойынша биыл шабындық пен жайылымдық алқаптарға залал келтірілді, осыған байланысты 122 мың гектарға жуық егіс (Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, БҚО) зақымданды, болжамды шығын 12 млрд теңгеден асты.

«Көтерілген мәселенің күрделілігіне байланысты киік популяциясын басқару тәсілдерін әзірлеу үшін, сондай-ақ халықаралық тәжірибеге сүйену мақсатында, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау жөніндегі конвенция хатшылығымен өзара әрекет ете отырып, жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану жөніндегі халықаралық сарапшылармен консультациялар жүргізді.Сондай-ақ халықаралық сарапшылар тобы киіктің Орал және Бетпақдала популяцияларының мекендейтін жерлеріне барып, елдімекендерге жақын орналасқан киік табындарын көріп қайтты», - деді ол. 

Сонымен қатар киік санының өсуіне байланысты туындаған проблемалық мәселелер жергілікті тұрғындармен талқыланған.

Тақырыпқа орай: Елімізде киіктер санын реттеуге ресми түрде рұқсат берілді

Қазіргі уақытта Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университетінің ғалымдары киік популяциясын басқару бойынша биологиялық негіздеме әзірледі.

Мамандар биологиялық негіздемеге сәйкес киік популяциясын басқару бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде, жақын арада осы мәселеге қатысты шешім қабылданатынын айтты.

Серіктес жаңалықтары