Биыл 99 адам полицияға пара беру кезінде ұсталған

Аягөз Құрмаш

Оларға пара сомасының еселенген көлемінде айыппұл салынады

Биыл 99 адам полицияға пара беру кезінде ұсталған
Коллаж: Azattyq Ruhy

ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басқарма бастығы Әділғожа Құсайынов биыл полицияға қанша адам пара бергенін айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Полицейлерге пара ұсынғаны үшін Қылмыстық кодекстің 367-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген. Осы баптың санкциясы айыппұлды не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыруды көздейді. Өкінішке қарай, көбінесе парақорлыққа бастамашылықты адамдардың, әсіресе көлік жүргізушілерінің өздері жасайды, олар осындай жолмен заңмен белгіленген жауапкершіліктен құтылуға тырысады.

Атап айтқанда, өткен жылдың өзінде полиция қызметкерлеріне пара ұсынған 103 азамат анықталды, ал осы жылы осындай 99 факті тіркелді.

Пара берушілердің көбіне пара сомасының 20-дан 30-ға дейін еселенген мөлшерінде айыппұл салынды, ал кейбіреулері бас бостандығынан айырудың нақты мерзімдеріне сотталды», - деді ол.

Оның айтуынша, пробация қызметінің қызметкеріне 10 мың теңге мөлшерінде пара ұсынғаны үшін Алматы қаласының тұрғыны – бұрын сотты болған азамат 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды.

«Түркістан облысында әкімшілік жауапкершілікке тартпау фактісі бойынша полиция бөлімі бастығының орынбасарына 50 мың теңге пара бергені үшін ер адамға 750 мың теңге айыппұл салынды. Астана тұрғынына 562 мың теңгеге айыппұл салынды, ол көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін жауапкершіліктен құтылу үшін патрульдік полицейге 50 мың теңгені «Каспий» арқылы аударған. Парасатты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты полицейсіз құқықтық тәртіп саласында азаматтармен серіктестік қатынастар орнату мүмкін емес», - деді Құсайынов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.