Мароккода қатты жер сілкінісі болып, 296 адам қаза тапты

Azattyq Rýhy

Telegram арналарда жер сілкінісі кезіндегі көріністің суреттері мен видеолары тарай бастады

Мароккода қатты жер сілкінісі болып, 296 адам қаза тапты
Фото: kech24.com

Бір күн бұрын Мароккода 6.9 баллдық күшті жер сілкінісі болды. Жергілікті БАҚ 296 адамның қаза тапқанын хабарлайды. Көптеген ғимарат қирандыға айналды. Елдің кейбір аймақтарында жарық өшіп, сумен жабдықтау желісі де жартылай істен шыққан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Telegram арналарда жер сілкінісі кезіндегі көріністің суреттері мен видеолары тарай бастады. Одан ғимараттардың құлап, көліктердің аударылып, адамдардың жаппай тұрғын үйлерден сыртқа қашып шыққанын көруге болады. Билік жер сілкінісі қайталанып жүрмейді ме деп қауіптеніп отыр.

Жер асты дүмпулері ел астанасы - Рабаттан корольдіктің оңтүстігіндегі Сиди-Ифни қаласына дейін сезілді.

Al-Arabya басылымының хабарлауынша, 296 адам құрбан болған. 30-дан астам ғимарат қираған. Ауруханалар адамдарға толып кеткен. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.