ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 67 адамнан коронавирус анықталды

Ертең коронавирустан көз жұмғандарды жерлеу бойынша ереже шығады – министр

Сондай-ақ мүфтият пен православия шіркеуі тиісті пәтуә мен ескертулер әзірлеген

Көрнекі фото: ашық дереккөзден

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавирустан көз жұмған жандардың қалай жерленетіні туралы сұраққа жауап берді.

«Бүгін кешке немесе ертең таңертең Бас санитар дәрігердің ресми қаулысы шығады. Ол жерде қатаң сақталуы керек ережелер көрсетіледі. Дәрігерлер айтқан санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажеттілігі туралы Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы мен православия шіркеуі тиісті пәтуә мен ескертулер әзірледі», - деді министр.

Еске салсақ, кеше коронавирустан Ақмола облысына қарасты Қосшы ауылының тұрғыны қайтыс болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 64 жастағы әйелдің жерлеу рәсімінен кейін үйінде дезинфекция жасалатынын айтты.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан