ШұғылCOVID-19: 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Нұр-Сұлтан мен Алматы журналистері үйден жұмыс істейді

Қалада жұмыс бабымен жүру үшін редакция тапсырмасы туралы анықтама болуы қажет

Фото: Алиакбар Қадырбаев

Бұл жайында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев онлайн-брифингте мәлімдеді.

«Бұқаралық ақпарат құралдары басшылығы қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеу үшін үйіне жіберуі тиіс. Қалада жұмыс бабымен жүру үшін журналистердің өзімен бірге қызметтік куәлігі және редакция тапсырмасы туралы анықтама болуы қажет. Анықтаманы телефоннан да көрсетуге болады», - деді Дәурен Абаев.

Еске салсақ, бүгін түнгі 00:00-ден бастап екі қалада қозғалыс бойынша қосымша шектеулер енгізіледі. Көшеде бейсауат жүрген азаматтарға айыппұл салынады.

«Карантин сізге қарсы емес, сіз үшін, ата-анаңыз бен балаларыңыздың, жақындарыңыздың амандығы үшін енгізіледі. Сондықтан шектеулерге түсіністікпен және жауапкершілікпен қарауды сұраймыз», - деді министр.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан