$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.03.2020, 11:13
Қоғам

Коронавирустан қайтыс болған әйелдің жерлеу рәсімі жасалады

Марқұм Алматы, Шу қалаларында қонақта болған

Коронавирустан қайтыс болған әйелдің жерлеу рәсімі жасалады
Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов Қосшы ауылының коронавирустан қайтыс болған тұрғынының үйінде жерлеу рәсімі болып, содан соң толық дезинфекция жүретінін айтты.

«Қайтыс болған әйелмен байланыста болған адамдар анықталды. Олар – әйелмен бірге тұрғандар және ол жатқан №2 ауруханадағылар. Барлығы ауруханаға жатқызылды, сараптамалық тексеруден өтті, медициналық бақылауға алынды. Қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізілуде. Бүгін жерлеу рәсімінен кейін «вирус ошағына» толық дезинфекция жасалады. Дезинфекцияны Нұр-Сұлтан қаласының ұлттық сараптама орталығы өткізеді», - деді С. Омарханов онлайн-брифингте.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов оның Алматы, Шу қалалаларында қонақта болғанын мәлімдеді.

«Медициналық мекемеге әйел 24 наурызда таңғы 7-де жедел жәрдем көлігімен ауыр жағдайда жеткізілді. Ауа жетпей, токсикация синдромы болды, ілеспелі патология байқалды. Алгоритмге сәйкес, COVID-19 вирусын жұқтырды деген күдікпен ЖРВИ туралы жедел хабар берілді. Целиноград аудандық медициналық мекемесінің реанимациялық мекемесіне бөлек изоляторға жатқызылды. Туыстарының сөзінше, ЖРВИ-мен, коронавируспен ауыратын адамдармен байланыста болмаған, шетелге шықпаған. 13-16 наурыз аралығында Алматы, Шу қалаларына қонаққа барған», - деді ол.

Еске салсақ, кеше Ақмола облысының 64 жастағы тұрғыны кеше қайтыс болды. Себеп – екі жақты пневмония, тыныс алуының қиындығы, қант диабеті кезіндегі сепсис, атеросклероз гипертониясы. Өкпе қабынуының себебі – коронавирус.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары