04.09.2023, 10:52
Қоғам
«Шындықты айтса, бірдеңе болатындай қорқады»: Зайытов жалған есеп беру жайлы
Депутат 30 жылда жалған есеп беру дәстүрі кіріп алғанын айтады
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов «Qasqa jol» подкастына берген сұхбатында жалған есеп беру дәстүрі жойылмай отырғанын айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
«Отыз жыл ішінде өтірік есеп беру деген дәстүр кіріп алған. Шенеуніктер шындықты айтса, бірдеңе болып қалатындай қорқады.
Президент тапсырма берді, оның орындалуына осындай кедергілер бар деп ашық айтуға ешкімнің дәті шыдамай отыр. Сосын өтірік айтады. Осы бір жаман үрдіс бар. Жолдауда да айтылды ғой, қаржы жағынан облыстарға мүмкіндік беріледі. Облыс әкімі өз облысын жақсы көтерсе, саяси бәсекелестік туатын шығар деп ойлаймын», - деді ол.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 15:10
26 қазан күні ауа райы қандай болады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды