$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Мұнайдан да бағалы болатын су мәселесі бар»: Бибігүл Жексенбай Жолдаудағы бастама жайлы

Депутат АЭС жайлы да айтты

«Мұнайдан да бағалы болатын су мәселесі бар»: Бибігүл Жексенбай Жолдаудағы бастама жайлы
Фото ашық дереккөзден

Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай Қазақстан халқына Жолдаудағы бастамалар жайлы айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Мен осы каникул кезінде 5,5 мың шақырымды автокөлікпен еліміздің үш облысын аралап келдім. Сондағы халық сұранысының негізгі бөлігіне осы Жолдауда жауап болғанын көріп отырмын. Яғни, елдің экономикасы инфрақұрылымды дамытпай жүзеге аспайтынын өмір көрсетіп отыр. Ауыл-аймақ пен облыстарды дамыту үшін ең алдымен инфрақұрылымды жақсартуымыз керек. Сол бағытта арнайы жол-көлік министрлігінің құрылатыны қуантады. Екіншіден, барлық ауыл-аймақтағы халықтың су мәселесіне қатысты жанайқайы көп айтылды. Жайылымдық, ауыл шаруашылық жерлерге қатысты су мәселесі ең өзекті болып отыр. Арнайы ведомство болып құрылатын Су министрлігі бұл мәселемен тыңғылықты айналасып, халықаралық мәселелерді шешуге атсалысады», - деді ол.

Жексенбай атағандай, су мәселесі – барлығына ортақ мәселе.

«Су министирлігі ауыл-аймақтың экономикасын көтеретін, мұнайдан да бағалы болатын судың мәселесін дер кезінде шешеді деп ойлаймын. Жолдауда өз басыма ерекше әсер еткен мәселе АЭС салуды референдум арқылы шешуге ұсыну болды. Электр қуатынсыз экономика дамымайды. Сондықтан АЭС қажет пе, жоқ па, осыны шешу үшін референдум өткізу керек деп ойлаймын», - деді Бибігүл Жексенбай.

Серіктес жаңалықтары