$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.09.2023, 17:52
Қоғам

Субсидия, несие, ірі қара: өңірлік кәсіпкерлерді қандай мәселелер алаңдатады

«AMANAT» партиясы шілде айынан бері жауапты министрлік өкілдерімен өңірлердегі кәсіпкерлерді онлайн форматта кездестіріп жатыр

Субсидия, несие, ірі қара: өңірлік кәсіпкерлерді қандай мәселелер алаңдатады
Фото «AMANAT» партиясының баспасөз қызметінен

«AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазивтің төрағалығымен Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Қарағанды, Қызылорда облыстық филиалдарының жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық секторды дамыту жөніндегі аймақтық кеңестердің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«AMANAT» партиясы шілде айынан бері жауапты министрлік өкілдерімен өңірлердегі кәсіпкерлерді онлайн форматта кездестіріп, барлық сұрақты ортаға салып жауап беріп жатыр. Қалған жүйелі түрдегі мәселелерді партияның басшылығымен өтетін жиынға дайындап жатырмыз. Мемлекеттік органдардағы әріптестеріміз жиынға араласып, көптеген сұраққа отырыс барысында жауап беріп жатыр», - деді Жұмағазиев.

Оның айтуынша, әр өңірден 50-100-ге дейін кәсіпкер қатысты. Бүгін Оңтүстік өңірлердің кәсіпкерлеріне кезек келіп отыр.

«Кәсіпкерлер субсидияларға қатысты мәселелерін айтты. Егін жинау мәселесі мен жанар-жағармай мәселесі де көтерілді. Жиындардың нәтижесінде баға бойынша бір шешімге келдік. Өңірдегі кәсіпкерлердің негізгі мәселесі мемлекеттік субсидия болып отыр. Сол себепті мемлекеттік сатып алу бойынша тиісті өзгерістерді ұсынды. Оны министрліктер қолдап отыр. Тағы бір ауқымды мәселенің бірі Ресейден келіп жатқан азық-түлік мәселесі. «Даму» мен «Несиелік корпорацияда» несиенің жетіспеуі бойынша да сұрақтар қойылып жатыр. Сондай-ақ экспорттық кеденге де қатысты проблема бар», - деді ол.

Жұмағазиев атағандай, бүгін Президенттің Жолдауында көп сұраққа жауап берілді.

«Логистика, ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелерге нақты бағыт көрсетілді. Ауыл мен банктердің несиеленуі, «Ауыл аманаты» жобасына қатысты Президенттің көзқарасы айтылды», - деді Жұмағазиев.

Отырысқа министрлік өкілдері мен депутаттар және өңірлерден кәсіпкерлер қатысты.

Мәселен, Алматы облысының кәсіпкерлері несие мәселесін көтерді. Олар кәсіпкерлерге несие жетпейтінін айтып, Ұлттық экономика министрлігінен мемлекеттік бағдарлама бойынша несие көлемін ұлғайтуды ұсынды.

«Бұл проблема бар екені рас. Шілде айынан бастап «Даму» қоры пайыздық ставка бойынша кепілдендіруді тоқтатты. Сол себепті 36 млрд теңге қосымша қажеттілік туындап отыр. Республикалық бюджетті қайта қарау кезінде бұл ұсынысты енгіземіз», - деді Ұлттық экономика министрлігінің өкілі. 

Өңірлік кәсіпкерлер субсидия, несие, ауыл шауарышылығы мен агроөнеркәсіптиік кешенге қатысты мәселелерді көтерді.

Мал шаруашылығы бойынша ірі қараны сатып алу мәселесі де айтылды.

«Ауыл аманаты» бойынша бізде ортақ талаптар бар. Ол уақыт мерзімі, несиенің көлемі мен кімге бағытталғаны. Қалғаны әр өңір, әр әкімдік қаражатқа жауапты болғандықтан талаптарды өздері бекітеді. Сондықтан ірі қара мал сатып алу бойынша жергілікті әкімдікпен талқылау керек. Жалпы министрлік тарапынан нақты қойылатын талап жоқ», - деді АШМ вице-министрі Ербол Тасжүреков.

Серіктес жаңалықтары