$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.10.2019, 17:42
Қоғам

Қазақстанда «ЭКО арқылы» туған тұңғыш қыз ана атанды

Алматыда осыдан 24 жыл бұрын жасанды ұрықтандыру арқылы дүниеге келген қыз ана атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі

Қазақстанда «ЭКО арқылы» туған тұңғыш қыз ана атанды
Фото: tokkoro.com

15 қазан отандық дәрігерлер үшін ерекше тарихи сәтпен есте қалды. Осыдан  24 жыл бұрын елімізде тұңғыш рет экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) арқылы дүниеге келген қыздың өзі кеше ана атанған. Дәрігерлердің айтуынша, жүктілік пен босану табиғи жолмен болған. Бір тәулік бұрын дүние есігін ашқан сәби 3,2 келі салмақпен туған.

Бүгінде әлем бойынша ЭКҰ-ның көмегімен 6,5 миллиондай бала дүниеге келіпті. 42 жыл ішінде экстракорпоралды ұрықтандыру технологиясы көпшілік тарапынан қолдауға ие болып, тіпті медициналық сақтандыру бағдарламасына да енген. 

Дегенмен, ЭКҰ жайлы алып-қашпа әңгімелер мен аңыздар көп. Көпшілікті «жасанды жолмен дүниеге келген балалардың дені сау бола ма, олар табиғи жолмен перзент сүйе ала ма?» деген сұрақтың алаңдатқаны өтірік емес. Ал, бұл оқиға осы сұрақтарға жауап болды, делінген Репродуктивті медицина институты таратқан хабарламада. 

«1996 жылы перзент сүйе алмай емделіп жүрген келіншекке ЭКҰ бағдарламасын жүргіздім. Қаншама жыл емделсе де, бір перзент сүйе алмай жүрген жандарға бұл сөзбен айтып жеткізе алмас қуаныш сыйлады. Алайда ә дегеннен-ақ жолы бола кетті деу өтірік. Бірінші рет ұрық жетілмей қалды, тек бір айдан кейін екінші рет жасаған кезде жүктілікке қол жеткіздік», - дейді Репродуктивті медицина орталығы басшысының орынбасары Людмила Беделбаева.  

Луиза Браун (АҚШ) есімді әйел ЭКҰ көмегімен дүниеге келген әлемдегі алғашқы қыз боп саналады. Ол 1978 жылы Бристол қаласында дүниеге келген Луиза 2006 жылы табиғи жолмен босанып, ұл баланы дүниеге әкелген. КСРО-ның «тұңғыш қызы» Лена Донцова   1986 жылы дүниеге келіпті.

Алматыдағы Репродуктивті медицина институтында ЭКҰ бағдарламасынан кейін Қазақстандағы алғашқы бала 1996 жылы туған. Осыдан 24 жыл бұрын ЭКҰ арқылы туған қыздың өзі кеше, 15 қазан күні ана атанды. Дәрігерлер жас босанған ананы апта соңында үйіне шығармақ.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары