$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.10.2019, 21:02
Қоғам

«Көліксіз қала» идеясын жүзеге асыру мүмкін бе

Соңғы жүз жылда қалалық жерлерде автокөліктер легі артқандықтан, сарапшылар қалалардағы көліктер легін азайтуға кеңес беруде

«Көліксіз қала» идеясын жүзеге асыру мүмкін бе
bbc.com

Әлем бойынша көптеген қалаларда автокөліктер үшін арнайы орындар бөлініп, жолдар салынады. Бұл ауаның ластануын арттырып, жол-көлік апаттарына себеп болып отыр, деп жазады ВВС.

«Бүгінгі таңда Венецияда көлік жүрмейді. Соңғы жылдары Норвегияның Осло, Испанияның Мадрид қалаларының орталықтарында автокөліктер ағынына тыйым салу жоспары жиі айтылып жүр», деп жазады автор.

Автокөліксіз қалалардың танымал әлемдік сарапшысы, осы тақырыпқа арнап екі кітап жазған Дж..Х.Кроуфордтың айтуынша, автокөлік ауаны ластауға, жыл сайын миллиондаған адамның жол-көлік апатынан көз жұмуына себеп болады. Сонымен қатар әлеуметтік кеңістікті тарылтуға әсер етеді.

«Қазіргі таңда көп қалаларда жер тапшылығы байқалады. Автокөліктерді азайтса, бұл проблема жылдам шешілер еді», дейді ол.

Маманның айтуынша, автокөліктер адамдардың әлеуметтік қатынасына да кері әсер етеді.

«Ірі қалаларда көбіне көлік аз жерлерде халық көп жүреді. АҚШ-тың Хьюстон мен Даллас секілді ірі қалаларында жердің 70%-ы автотұрақтарға бөлінген. Көліктерден құтылсақ, барлық проблемадан құтыламыз», дейді ол.

Ал мақала авторы көліксіз қала жақсы идея болғанымен, оны жүзеге асыру мүмкіндігіне тоқталады. Ransford Acheampong зерттеушілері көліктердің азаюы ауа ластануын кемітуге, халықтың денсаулығын жақсартуға жақсы әсер еткенімен, лайықты альтернатива болмаса, бұл бос әурешілік болатынын айтады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#автокөлік