«Бір дастарханда отырғысы келмейді»: журналист ажырасқан әйелдерді қоғамның сорына теңеді

Azattyq Rýhy

Ол күйеуіне шыдап, отбасыны сақтап қалуды насихаттады

«Бір дастарханда отырғысы келмейді»: журналист ажырасқан әйелдерді қоғамның сорына теңеді
Фото: @Meruert_Aitenova_ YouTube каналынан

Қазақстандық журналист Меруерт Әйтенова «Көреміз» бағдарламасында айтқан пікірі үшін сынның астында қалды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Ажырасқан әйел - бақытсыз әйел, бақытсыз ана. Егер бәріміз жеңіл өмірді қалап, күйеуімізге көнбей, миымыз ағып кете беретін болсақ, не болады? Сендер, мына ажырасқан әйелдер, қоғамның сорысыңдар. Мен жеке өзім ажырасқан әйелдерді жек көремін. Олардың қасында отырғым келмейді. Мен сияқты млн-даған әйел бар. Отбасын ұстап, қандай күйеу болса да көніп отыр. Олар ажырасқан әйелдермен бір дастарханда отырғысы келмейді», - деді Меруерт Әйтенова.

Бұл пікірге оқырман даттап пікір жазған.

«Жек көрсе, отырғысы келмесе, үйінде жабысып отырсын бақытсыз қатын болып. Дүниеде ажырасқан әйелдер осы қоғамның сорлысы емес, қоғамды алға жетектеп жүр. Мұндайларды неге эфирге шығарады? Әркімнің тағдыры әртүрлі болады. Олай қатты айтуға болмайды», - деп жазды олар.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.