$ 495.95  524.37  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.08.2023, 10:43
Қоғам

Жетісу облысында шенеунік жүк көліктері үшін жүйелі түрде пара алып отырған

Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды

Жетісу облысында шенеунік жүк көліктері үшін жүйелі түрде пара алып отырған
Коллаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев

Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментімен бірлесіп, Жетісу облысы Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасарының заңсыз қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ол өзінің сенімді адамының делдалдығымен облыс аумағында жүк көлігінің кедергісіз жүріп-тұруы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деп күдіктелуде. Ай сайынғы сыйақы сомасы 1 автокөлік үшін 50 000 теңгені құрады», - делінген Антикор хабарламасында.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

«Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - ескертеді ведомство.

Серіктес жаңалықтары