$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған»: Павлодар облысында екі әкімге ескерту жасалды

«Ертіс орманы» резерватында да өрт қауіпсіздігін сақтамаған лауазымдық тұлғалар жазаланды

«Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған»: Павлодар облысында екі әкімге ескерту жасалды
Фото ашық дереккөзден

Павлодар облысында екі әкімге ескерту жасалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облысық ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Қайрат Шаймарденов мәлім етті. 

«Голубовка мен Железин ауылының әкімдері өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзып, елді мекендерге іргелес аумақты уақтылы тазарту жұмыстарын жүргізбегені үшін ескерту берілді. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК 410-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды» , – деді Қайрат Шаймарденов.

Бұдан бөлек, Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің басшысы сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«Орман өрттерін тиімді сөндірмей, оған қарсы әрекет етпей, орман өрттерінің алдын алмады»,– деп түсіндірді спикер.

Оның сөзінше, облыстық экология департаменті мемлекеттік орман қоры маңында табиғи өртке жол беру фактісі бойынша 14 ауылдық округ әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘҚБтК 324-бабына сәйкес олар жалпы 258 мың теңгеге айыппұл төледі. 

«Ертіс орманы» резерватында да өрт қауіпсіздігін сақтамаған лауазымдық тұлғаларды жазалаған.

«Бес лауазымдық тұлға Шалдай, Жасыбай, Көктерек бөлімшелерде ағаш кесу орындарын уақтылы тазартылмағандықтан және белгіленбеген жерлерде от жаққаны үшін жазаланды. Олар жалпы сомасы бір миллион 776 мың теңгеге айыппұл төледі», – деді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Төлепбаев. 

Жалпы өрт қауіпті кезеңінің басынан бастап 1291 рейд жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін 177 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары