$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Орман өртін сөндіретін станса қызметкерлерінің мәртебесі көтеріледі

АШЫҚ НҚА сайтында қандай қызметкерлердің мәртебесі өзгеретіні көрсетілген.

Орман өртін сөндіретін станса қызметкерлерінің мәртебесі көтеріледі
Фото: Абай облысы ТЖД

Орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган ведомствосының жүйесiне енетiн, орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мәселелерiмен айналысатын мамандандырылған ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерi мемлекеттік орман күзетiнiң қызметкерлерiне теңестiрiледi, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Түзету табиғат қорғау мекемелерінің (орман өрт сөндіру станцияларының (ОӨСС) өртке қарсы қызметінің қызметкерлерін (орман өрт сөндіру станцияларының бастықтары, өрт сөндіру машиналарының жүргізушілері, тракторшы-машинистер, радиооператорлар, өрт сөндіру машиналарын, жабдықтар мен аппаратураларды жөндеу жөніндегі слесарлар, орман өрт сөндірушілері, өрт сөндіру-бақылау мұнарасының бақылаушылары) мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлеріне теңестіру және оларды орман жүйелерін, жағдайларын және еңбекақы мөлшерін жақсарту үшін табиғатты қорғау мекемелерінің штатына штаттан тыс жұмысшылар санаттарынан аустыру», - деп жазылған бұйрық мәтінінде.

Бұл шара аталған қызметкерлердің табиғат қорғау мекемелерінің штатына кірмейтіндігіне байланысты талап етіледі, бұл ретте олар денсаулық пен өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты орман өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі жұмыстарға тұрақты негізде тартылады.

Авторы: Аягөз Құрмаш 

Серіктес жаңалықтары