Елорданың бас дәрігері далаға азық-түлік пен дәрі алуға ғана шығуды сұрады

Оның өзінде, күн сайын шығуға болмайды

Фото: inbusiness.kz

Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қала тұрғындарына қатты керек болмаса, үйден мүлдем шықпауға кеңес берді.

«Үйден тек қатты қажеттілік болған кезде ғана, яғни азық-түлік, дәрі-дәрмек алуға ғана шығыңыз. Оның өзінде, күн сайын шығуға болмайды. Шыққан кезде масканы міндетті түрде тағыңыз. Жоғары тәуекел тобына жататын адамдар үйде қалуы тиіс. Ол топқа қарт кісілер мен созылмалы аурулары бар адамдар кіреді деді», - деді С.Қисықова.

Оның айтуынша, күніне екі рет дене қызуын өлшеп тұруы керек. Ауру белгілері байқалса, емханаға бармай, үйге жедел-жәрдем алдырған дұрыс.

«Егер қызуыңыз көтеріліп, жөтелсеңіз, үйде қалыңыз. Медициналық ұйымдарған бармаған дұрыс. Call-орталыққа немесе жедел-жәрдемге хабарласып, үйге шақыруыңызды өтінеміз. Өздігіңізден емделмеңіз. Әйтпесе жағдайыңызды одан әрі қиындатып, аурудың жазылып кетуге болатын кезеңін өткізіп аласыз. Инфекция тезірек анықталса, бізге де оңай болады», - деді ол.

Дәрігер сонымен бірге, шұғыл емес медициналық тексерулер мен операцияларды кейінге қалдыруды сұрады.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Сұхбат
«Туристік қамқор» басшысы Асылхан Есіловпен сұхбат
Түркиядағы қазақ журналисі шетел асқысы келетін жастарға кеңесін айтты