Жамбыл облысында аудан әкімдігі мемлекет мүлкін заңсыз сатып жіберген
Әкімдіктегілер 100 млн теңге болатын зауытты 7 млн-ға саудалапты
Жамбыл облысында 6 жыл бойы мемлекет меншігіне алынбай келген «Сүт» фермасы ақыры әкімдікке қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.
Меркі ауданының шенділері құны 100 млн теңге болатын зауытты 7 млн теңгеге сатып жіберген. Аумағы 18 гектар нысан осыдан 8 жыл бұрын жеке серіктестіктің кәсіпорны болған. Бірақ оның басшысы экологиялық заңнама талаптарын бұзғаны үшін мемлекетке 52 млн теңге берешек болып қалады. Сөйтіп кәсіпкер айыппұлдың ақшасын сүт зауытын берумен өтейді. Нысан әкімдік балансына беріледі. Ал ондағылар мемлекет мүлкін 13 есе арзанға сата салған.
«Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі 2017 жылғы 5 қазанда бағаны төмендету тәсілін қолданып, 7 263 000 теңгеге «М» есімді азаматқа заңсыз сатып жіберген. 2023 жылғы 3 мамырдағы заңды күшіне еңген сот шешімімен талап қанағаттандырылды, мүлік мемлекетке қайтарылды», - деді Меркі ауданы прокуратурасының прокуроры Алмас Борантаев.