$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Кентаудың экс-әкімі Рашид Аюпов 10 жылға сотталды

Сондай-ақ ол 7 жылға лауазымды қызметтен шеттетілді

Кентаудың экс-әкімі Рашид Аюпов 10 жылға сотталды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Бүгін Кентау қаласының экс-әкімі Рашид Аюповқа қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Рашид Аюповты 1997 жылғы редакциядағы ҚР ҚК 177-бабы 4-бөлігінің б. тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тануға, осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға үкім шығарды.

«Рашид Аюпов 1997 жылғы редакцияда ҚР ҚК 28-бабының 4-бөлігі, 312-бабының 5-бөлігі көзделген қылмыс үшін кінәлі деп танылсын және осы бап бойынша орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтей отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. ҚР ҚК 41-бабының 3-бөлігі негізінде 1997 жылғы редакцияда мемлекеттік қызметте жеті жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айыру түрінде қосымша жаза тағайындалсын», - деді судья.

Аюповтан мемлекет кірісіне 1 911 теңге сомасында іс жүргізу шығындары және  сыбайлас жемқорлық қылмыстарының нәтижесінде алынған 422 млн 800 мың теңге қаражат өндіріп алынады.

Шешім айтылған соң судья Рашид Аюповтен шешімге қатысты сұрағы бар ма екенін сұрады.

«Шынымды айтсам, мен басқа шешім күттім. Сізге Антикор мен прокуратура қысым жасады деп ойлаймын. Қандай сұрақтар болуы мүмкін? Істі көрдіңіздер, шындыққа сай келмеді. Мен шешіммен келіспеймін», - деп пікір білдірді Рашид Аюпов.

Айта кетейік, 2023 жылдың мамырында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Рашид Аюповке қатысты тергеуді аяқтады. Ақпаратта Аюповтың 2013 жылы Премьер-министр кеңсесінің қызметкері болып, ірі жекеменшік компаниясының меншік иесін жауапты лауазымды тұлғаларға аса ірі сомада пара беруге көндіргені айтылған еді.

Серіктес жаңалықтары