$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда пара алған колония қызметкері жазаланды

Сот оған 4,5 млн теңге көлемінде айыппұл салды

Павлодарда пара алған колония қызметкері жазаланды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Нұрсұтан Жорабаев

Павлодардың №2 қалалық сотында құқық қорғау органының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сот материалдарына сүйенсек, өткен жылдың 6 тамызы мен 10 қазан аралығында ҚР ІІМ ҚАЖК мекемесінің жедел уәкілі лауазымындағы қызметкер шарт бойынша мекемеде бейнекамералар орнатушы адамнан 153 000 теңге сомасында пара алған. Ол бұл соманы жұмыс уақытында мекеменің тұрғын және өндірістік аймақтары, оқшауланған аумақтары, цех және басқа да объектілері арасында кедергісіз кіріп-шығуын қамтамасыз еткені үшін сұраған. 

Пара алғаны үшін ҚР ҚК 366-бабының 1-1-бөлігінде негізгі жаза ретінде – айыппұл немесе бас бостандығынан айыру көзделген. 

«Сот оның жағымды мінездемесі мен асырауында жас балалардың болуын, алғаш рет қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын ескере отырып, параның отыз еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 4 590 000 теңге айыппұл  тағайындады», – деді қалалық № 2 сотының баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ, айыпталушы «әділет аға лейтенанты» арнайы атағынан, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары