$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бір сыныпта 34 бала – елорда мектептерінде орын жетпей жатыр

Қазіргі таңда Астанада 26 мың оқушыға орын тапшы

Бір сыныпта 34 бала – елорда мектептерінде орын жетпей жатыр
Фото: egemen.kz

Елорда мектептерінде оқушыларға орын жетпей жатыр. Нақтырақ айтқанда, қазіргі таңда Астанада 26 мың оқушыға орын тапшы. Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бүгін республикалық тамыз кеңесінің пленарлық отырысы өтті. Кулуарда журналистердің «Биыл әлеуметтік желіде Астанадағы мектептерде бір сыныпта 52 бала отыруы мүмкін деген ақпарат тарады. Қазір орташа есеппен қаладағы мектептерде бір сынып қанша бала отырады?» деген сауалына Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев жауап берді.

«Астанадағы мектептерде орын тапшылығының мәселесі өзекті екені белгілі. Қазіргі таңда қалада 26 мың оқушыға орын жетпейді. 8 мектеп 3 ауысымда оқып жатыр. 18 мектепте оқушылар шамадан тыс оқып жатыр. Мұнда бір сыныпта 52 бала оқиды деген дерек жоқ. Елордадағы мектептерде (бір сыныпта) 30-34 бала оқып жатыр, ал үшауысымды мектептерде (бір сыныпта) 35-36 бала оқып жатыр», - деді Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев.

Авторы: Сымбат Ғалымжан

Серіктес жаңалықтары