17.08.2023, 21:06
Қоғам
Президент «Қазақстан» шахтасында болған өртке қатысты жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды
Сондай-ақ зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсетуді міндеттеді
Мемлекет басшысы «Қазақстан» шахтасында болған өртке байланысты Үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сондай-ақ зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізуді тапсырылды.
Шетелдік компанияға тиесілі кәсіпорындарда жиі қайталанатын апаттар олардың инвестициялық және өзге де міндеттемелерін өрескел бұзғанын көрсетеді. Аталған жағдайлар олардың Қазақстан нарығында қызмет етуіне қатысты шешім шығаруға ықпал етеді.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 16:36
Аялдамасынан өтіп кеткен: Астанада ашуға булыққан жолаушы жүргізуші кабинасының әйнегін сындырды