«Тойды да сағыныппын»: Төреғали Төреәлі тойға шығуын жалғастырып жатыр
Ол тойшыл қауымды сағынанын жеткізген
Әнші Төреғали Төреәлі бостандыққа шыққалы тойлардан қалмай жүр, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
«Біреулердің көргені, сабақ болады, біреудікі өзіне сауап болады. Ағайын мен сіздерді қатты сағындым, тойды да сағыныппын палаткадағы», - деп әнші тойда түсірілген видеосын жариялаған.
«Етің өліп кетті-ау сен баланың. Бүлдіріп аласың да, төрт жол тақпақпен жарқ етіп шыға келесің.... Кім не айтса да, өзімнің туған баламдай қолдап отырамын. Аман бол! Әндеріңмен халықтың сүйікті ұлы болып жүре бер! Ештене етпейді, жігіт болғанан кейін ондай-ондай анда-санда болып турады! Төреш аға, бөлексіз», - деп жазды оның оқырманы.
Еске салсақ, сот 2023 жылдың 14 маусымында көлік рөлінде мас күйіндегі әншіні патрульдік көлікті қаққанын анықтаған еді. Апат салдарынан автокөліктерге механикалық зақым келді.
Ол ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін сот қаулысымен кінәлі деп танылды. Оған 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 20 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды. 20 тәуліктен кейін Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты.