$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.03.2020, 11:45
Қоғам

Коронавирус жұқтырған Петропавл тұрғыны Омбыдан келген

Сырқат анасынан басқа ешкіммен байланыста болмаған

Коронавирус жұқтырған Петропавл тұрғыны Омбыдан келген

Солтүстік Қазақстан облысының 27 жастағы тұрғыны короновирус жұқтырғандығы туралы ақпарат расталды. Ол 23 наурыс күні Ресейдің Омбы қаласынан келген Петропавлға пойызбен келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Сырқат 24 наурыз күні дене қызуы көтеріліп, жедел жәрдем шақыртқан. Алынған сараптама оның коронавирус жұқтырғанын растады. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді.

«Сырқат вокзалдан тура үйіне барған. Анасынан басқа ешкіммен байланыста болмаған. Ол инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Омбыдан бірге келген жолаушылар анықталып, оқшауланды. Ешқайсысының дене қызуы көтерілген жоқ. Қосымша сараптама алып, Алматы қаласына жібердік. Оның нәтижесі жайында хабарлаймыз», - деді СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Сұлтанғазиев.

Науқас Ресейдің Омбы қаласында оқуда болған. 23 наурыз күні транзиттік пойызбен Петропавлға келген.

«Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау мекемелері күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Науқастармен қарым-қатынасқа түскендер үшін жұқпалы аурулар стационарында 65 орын, провизорлық стационарда 250  және карантиндік стационарда 500 орын дайын тұр. Барлық медициналық қызметкерлер кононавирустік инфекцияға қарсы іс-шара қолдану бойынша оқу-жаттығудан өтті. Дәрі-дәрмектер, медициналық бұйымдар мен жананды тыныс алу қондырығлары мен дәрі-дәрмек жеткілікті мөлшерде» – деді денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір сырқаттың жағдайы бірқалыпты.

Естеріңізге сала кетейік, 25 наурыз сағат 09:40-дағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 79 адамға жетті. 

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары