Шұғыл67 мыңнан астам адамға 42 500 теңгеден тағайындалды

Жамбыл облысының тұрғыны қауіпті вирусты Қырғызстаннан жұқтырып келген

Коронавирус жұқтырған Шу ауданының тұрғыны 13 адаммен байланыста болған

Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысында СOVID-19 жұқтырған азамат 23 наурыз күні Қырғызстаннан келген. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов онлайн-брифингте мәлімдеді.

Оның сөзінше, науқастың жасы 29-да. Шу ауданының тұрғыны. Көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді. 23-і наурызда ол Қордай ауданындағы шекара бекетінен құрғақ жеміс тауарларынан алып өткен. Азаматпен байланыста болған 13 адам да қазір карантинде.

Дәрігерлер, науқастың ауруханаға жатқызылғанда да дене қызуы болмағанын, қазір де өзін-өзі сезінуі жақсы екенін айтады.

«Азаматтың болған жерлерінде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Белгіленген алгоритм бойынша жұмыстар жасалды. Қазір науқастың жағдайы бірқалыпты. Денсаулығына шағым жоқ. дене қызуы байқалмайды», - деді М.Жұманқұлов.

М. Жаманұқұлов бұған дейін әлеуметтік желілерде тараан «Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны коронавирус жұқтырған» деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Әлеуметтік желілерде Тұрар Рысқұлов ауданында коронавирус жұқтырған азаматтың анықталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл мәліметтің ресми түрде жалған екендігін айтым келеді. Екіншіден, жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік көзделген. Тіпті қылмыстық жауапкершілік те бар», - деді басқарма басшысы.

Қазір Жамбыл облысындағы стационарда коронавирус қаупі бойынша «1А» категориясындағы елдерден келген 4 адам жатыр. «1Б» санатындағы елдерден келген 67 адам үйде оқшауланып жатыр.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Сұхбат
Ешқандай әскери дайындықта болмаған азаматтар шақырылып жатқан жоқ
Карантинде отырған азаматтарға психолог кеңесі
«Туристік қамқор» басшысы Асылхан Есіловпен сұхбат