25.03.2020, 09:54
Қоғам
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 79 адамға жетті
Алматы қаласында 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 5 адам тіркелді
25 наурыз сағат 09:40-дағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді. Оның ішінде: Алматы қаласында 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 5 адам. Бұл туралы ақпарат www.coronavirus2020.kz сайтында жарияланды.
«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 41 адам, Алматы қаласында – 31 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 79 науқас тіркелді», - делінген хабарламада.
25 наурыздың таңындағы әлем бойынша жағдай:
- Инфекция жұқтырғандар саны - 424 222 (тәулігіне +42935) адам.
- Қаза тапқандар саны - 18 993 (+2430) адам,
- Айыққандар - 105 806 (+5322) адам.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді