Жетісу облысында су басқан аумақтардағы жағдай тұрақты

Azattyq Rýhy

Эвакуациялау пунктінде 16 адам, оның ішінде 7 бала қалды

Жетісу облысында су басқан аумақтардағы жағдай тұрақты
Фото: kaz.zakon.kz

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, су басқан үйлер жоқ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмылдырылған күштер мен құралдар жүргізген инженерлік және су сору жұмыстарының нәтижесінде Жетісу облысының елді мекендерінің аулалар мен аулалар маңы аумақтарынан су кетті. Жалпы  3 456 текше метр су сорылды. 

Құтқарушылар тұрғындарға аула аумақтарын қоқыс пен балшықтан  тазартуға көмек көрсетуде.

Эвакуациялау пунктінде 16 адам, оның ішінде 7 бала қалды.

Қазгидрометтің болжамына сәйкес 13 тамызда түнде Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі.Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні15-20, кей уақытта 25-28 м/с. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.