$ 538.33  626.99  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.08.2023, 13:53
Қоғам

1 млрд теңге: Түркістан облысында заңсыз жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсы анықталды

Мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастырған лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды

1 млрд теңге: Түркістан облысында заңсыз жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсы анықталды

Түркістан облысы Ордабасы ауданының прокуратурасы 1 млрд теңгеден астам қаржыға заңсыз жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Ордабасы ауданының прокуратурасы аудан көлемінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына талдау жүргізіп, нәтижесінде Ордабасы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі жылдық жоспарға енгізілмеген нысандарға мемлекеттік сатып алу конкурсын заңсыз жариялағанын анықтады.

Енгізілген прокурорлық қадағалау актісінің негізінде 1 млрд теңгеден астам қаржыға заңсыз жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсының күші жойылып, заң бұзуға жол берілмеді.

Мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастырған лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды.

 

Серіктес жаңалықтары