$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ішек инфекциясына ұқсамайды»: Ғиният балалардың улануы жайлы

Нәтиже сараптамадан кейін шығады

«Ішек инфекциясына ұқсамайды»: Ғиният балалардың улануы жайлы

Қарағанды облысына барған Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният балалардың улануына қатысты брифинг өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Уланудың барлық себебі қарастырылады. Барлық биологиялық материал мен көз жұмған баланың секциялық материалдары медициналық сараптамаға жолданды. Оның ішінде сот-медициналық сараптама да орнатылады. Сараптама талдауға қатысты 1-2 аптадан бір айға дейін созылады», - деді Ғиният.

Ол атағандай, медициналық қызметкерлердің басты мақсаты ауруханаға түскен балаларды аман алып қалу.

«Балалар ауруханаға түскенде олардың қызуы көтеріліп, құсу мен іш ауруы болған. Алғашқы диагноздар осындай болды. Клиника өзгеріп, ол іш ауру инфекциясына ұқсамайды. Барлық тексеру өткен соң, дәрігерлер соңғы клиникалық диагнозын қояды. Қазір 15 шақты дәрігер қарап жатыр. Оның ішінде ел бойынша білікті мамандар бар», - деді Ажар Ғиният.

Айта кетейік, Қарағанды облысында 12 бала уланып, 1 бала көз жұмды.

Серіктес жаңалықтары