$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.08.2023, 16:11
Қоғам

Таразда әкімдік қызметкері 8 жылға сотталды

Мемлекетке келтірілген жалпы шығын көлемі 116 млн теңгені құрайды

Таразда әкімдік қызметкері 8 жылға сотталды

Таразда қала әкімдігіне қарасты Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы басшысы Зият Тұрсынұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Дәл осы мерзімдегі жазаны арқалаған «Kaz In Capital» серіктестігінің басшысы да сотталды. Ол екеуіне «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде жымқыру» бабы бойынша айып тағылған, деп жазады qazaqstan.tv.  
Шенеунік пен кәсіпкер көшелерді жарықтандыру және бейнекамерамен жабдықтау жұмыстарына бөлінген 91 млн.теңгеден астам қаржыны қолды қылған. Сондай-ақ олар 24 млн теңгені құрайтын қоқыс алаңдарының да ақшасын жеп қойған. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын көлемі 116 млн.теңгені құрайды. Енді екеуі ұрланған қаржыны түгел өндіріп бермек.   
 

Серіктес жаңалықтары