$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.07.2023, 14:33
Қоғам

Ақмола облысында әкесі үш қызына қорлық көрсетті деген күдікке ілінді

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастаған

Ақмола облысында әкесі үш қызына қорлық көрсетті деген күдікке ілінді

Ақмола облысының Астрахан ауданындағы Старый Колутон ауылында үш бала әкесі тарапынан жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайтындығы хабарланды. Бұл туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында ақпаратты тексеруге шақырды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

 «Ақпаратты тексеруді сұраймыз! Балалар омбудсмені, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, #НеМолчиKZ қорының сенім телефонына бір отбасынан шыққан үш балаға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық туралы хабарлама келді», - деді Дина Таңсәрі.

Ол оқиғаның қайда болғанын айтты.

«Старый Колутон ауылы, Астрахан ауданы. Ата-аналар ішімдікке салынған, балаларды әкесі зорлайды. Бұл ақпаратты балалардың әжесі еріктілерге айтты. Тексеруді және шаралар қабылдауды сұраймыз», - деді құқық қорғаушы

Полиция сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Үш баланы (7, 9 және 11 жас) дәрігерлер тексерді — дене жарақаттары анықталған жоқ. Медициналық сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқығын қорғау комитеті оқиғаны назарға алғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары