Сенаторлар Жетісу облысындағы әлеуметтік нысандарда болды

Azattyq Rýhy

Олар ерекше қажеттіліктері бар адамдармен кездесу өткізді

Сенаторлар Жетісу облысындағы әлеуметтік нысандарда болды

ҚР Парламент Сенатының депутатты Нұртөре Жүсіп, Ғалиасқар Сарыбаев және Амангелді Толамисов Жетісу облысына сапар барысында «Айналайн» балалар үйінде, «Қамқор» медициналық-әлеуметтік мекемесінде болды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Олар сондай-ақ аутизм және басқа да психикалық сырқаты бар балаларға арналған орталықтың күндізгі бөлімінің қызметімен де танысты.

Ерекше қажеттіліктері бар адамдармен кездесу барысында сенаторларға әлеуметтік қорғау, мүгедектерге әлеуметтік арнайы қызмет көрсету, тұрғын үймен қамтамасыз ету және басқа да мәселелер аясындағы проблемалар туралы ақпарат айтылды.

Сенаторлар мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік интеграциясының жағдайы туралы хабардар болды. Әлеуметтік мекемелерге келетін психофизикалық және ақыл-ой кемістігі бар балалардың, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселелеріне ерекше назар аударылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.