$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.03.2020, 10:39
Қоғам

Нұр-Сұлтанда ХҚКО жұмысы 16 сәуірге дейін тоқтатылды

Бұған дейін аталған орталықтарда тек жұмыс уақыты қысқартылған еді

Нұр-Сұлтанда ХҚКО жұмысы 16 сәуірге дейін тоқтатылды

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың шешіміне сәйкес, биыл 21 наурыздан 16 сәуірге дейінгі аралықта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы ХҚКО қызметі карантиндік аймақ ауданында тоқтатылады. Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады.

«Осыған байланысты байланыс-орталығы арқылы «электрондық үкімет» порталымен электрондық мемлекеттік қызметтерді қашықтынтан алу мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беруді қамтамасыз ету қажет», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 22 наурызға дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 56 адамға жетті. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 31 адам, Алматы қаласында – 22 адам, Қарағанды қаласында - 2,  Алматы облысында- 1 адам анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ХҚКО #карантин