Шұғыл67 мыңнан астам адамға 42 500 теңгеден тағайындалды

Қазақстандық кәсіпкерлер коронавируспен күресуге  $41 млн аударды

Birgemiz

Елбасының ұсынысымен құрылған «Birgemiz» Қоғамдық қорында еліміздің түрлі аймақтарынан қаражат түсіп жатыр, деп хабарлайды Azattyh Ruhy.

«Көптеген ауқатты қазақстандықтар коронавируспен күреске қаражат аударып жатыр. Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысына отандық меценаттар мен ірі кәсіпкерлер қолдау білдіруде»,-деді Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

Оның сөзінше, бұл қоғам мен мемлекеттің, кәсіпкерліктің ортақ қауіп-қатерге қарсы бірлесе әрекет етуінің айқын көрінісі.

«Қазақстандықтар кезекті рет өздерінің бірлігі мен рухтарының күшті екенін, жақындарына қашан да көмек қолын созуға дайын және қиындықты бірге еңсере алатындарын дәлелдеуде»,-деп атап өтті Айдос Үкібай.

Жиналған қаражат Мемлекеттік комиссия ұсынысымен тиісті орындарға бөлінеді.

«Қоғамдық Қорға мына меценаттар мен кәсіпкерлерден қаражат түсті: Тимура Құлыбаев – 10 млн доллар, Айдын Рақымбаев – 2 млн доллар, Кеңес Рақышев – 1 млн доллар, Ғалымжан Есенов – 2 млн доллар, Рашид  Сәрсенов – 2 млн долларов, Александр Клебанов – 2 млн доллар, Александр Белович – 2 млн доллар», - деді Айдос Үкібай.

Қазіргі таңда Қорға жиналған қаржының жалпы көлемі– 41 млн доллар. Коронавирус инфекциясымен күресті қолдауға арналған қаржылай көмек жинау жалғасуда.

Айта кетейік, Елбасының тапсырмасы бойынша, «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында «Nur Otan» партиясы жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге және тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін 150 млн. теңге бағыттағанын атап өткен жөн. Коронавирус індетінің таралуына қарсы күреске Тұңғыш Президент Қорынан тағы да 200 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаражаттың арқасында партия белсенділері мен «Jas Otan» волонтерлары күн сайын халықтың әлеуметтік әлсіз санаттарын антисептика және гигиена құралдарымен, бірінші кезекте қажет тауарлармен және басқалармен байланыссыз тарату жолымен қамтамасыз етуде. Сонымен бірге «Nur Otan» партиясы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен коронавируспен күрес жағдайында мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету үшін құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорына өзінің барлық ұйымдық ресурсын қайтарымсыз негізде ұсынды.

Қоғамдық Қор Реквизиті:

Қабылдаушы: «Birgemiz» Қоғамдық қоры

Қабылдаушы банкі: Нұр-Сұлтан қ.,«ForteBank» АҚ

Ағымдағы есеп (IBAN есеп) KZT: KZ0896503F0009566181

Ағымдағы есеп (IBAN есеп) USD: KZ5196503F0009566183

БСН/ЖСН: 200340023803

Сұхбат
Ешқандай әскери дайындықта болмаған азаматтар шақырылып жатқан жоқ
Карантинде отырған азаматтарға психолог кеңесі
«Туристік қамқор» басшысы Асылхан Есіловпен сұхбат