$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.03.2020, 17:28
Қоғам

Төтенше жағдай кезінде беташар жасаған тұрғындар жауапқа тартылды

Түркістан облысында полицейлер күшейтілген режимге көшті

Төтенше жағдай кезінде беташар жасаған тұрғындар жауапқа тартылды
Фото: ашық дерек көздерінен

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық полицейлер төтенше жағдайға қарамастан беташар тойын жасаған тұрғынды жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін енгізілгені барлығына дерлік белгілі. Десек те тұрғындар тарапынан әлі де болса мұны сезінбей, біршама адамның басын қосып той жасау жайттары тіркелді. Осыған орай, Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген режимде қызмет жасап жатыр. Яғни күндізгі және түнгі рейдтік жұмыстарды жүргізіп, қандай да адам көп жиналатын бас қосулар, той-жиындар, іс-шараларды өткізуге тыйым салып, қауіпсіздік шараларын қадағалауға алды.

«​​Осындай кезекті рейд барысында Мақтаарал ауданы Жаңаауыл әкімшілігіне қарасты ауылдардың бірінде тұрғын-үйінің ауласында келін түсіріп, беташар тойын жасап, туыстарын жинаған тұрғын анықталды. ​​​«ҚР Президентінің 15.03.2020 жылғы Жарлығының талаптарын өрескел бұзға наталмыш тұрғынға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықкодексінің 476-бабы «Төтенше жағдай режимiн бұзу» бойынша хаттама түзіліп, аудандық соттың қаулысымен кінәлі деп танылып, айыппұл салынды», -делінген хабарламада.

​​​Түркістан облысы полицейлері ойын-сауық, сауда орталықтары мен кафе-бар, тойхана иелеріне ескертеді: төтенше жағдай кезінде заң талаптарына сәйкес әрекет етіп, көп адам шоғырлануына мүмкіндігінше  жол бермеңіздер. Бұл өзіңіздің де, өзгелердің  денсаулығы үшін дұрыс болмақ. 

Серіктес жаңалықтары