29.07.2023, 05:49
Қоғам
Талдықорғандағы перзентхана 700-ге жуық нәрестеге тегін берілуі тиіс дәріхана қорабын бермеген
Мұндай олқылыққа жол берген жауапты мамандар тәртіптік жазаға тартылды
Фото ашық дереккөзден
Талдықорғандағы перзентхана 700-ге жуық нәрестеге тегін берілуі тиіс дәріхана қорабын бермеген. Мұндай заңсыздықты прокурорлар анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Заңға сәйкес, жаңа туған баланың анасына дәріхана қорапшасы берілуі тиіс. Алайда, аталған мекеме 2023 жылы бұл талапты орындамаған. Прокуратураның араласуынан кейін 673 баланың анасы дәріхана қорапшасымен қамтылды»,- делінген Жетісу облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, мұндай олқылыққа жол берген жауапты мамандар тәртіптік жазаға тартылды.
Көп оқылған
30.06.2026, 11:58
Атырауда «Нива» мінген жас жігіт дрифт жасаймын деп басы дауға қалды
30.06.2026, 10:37
Актер Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшіп кетті
30.06.2026, 10:49
Атырау облысында кәсіпкерлер құны 619 млн теңге тұратын мыңдаған гектар жерінен айырылып қалды
30.06.2026, 16:10
«Қайын жұртын қырып салған»: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ешкім білмеген былықтары әшкере болды