Арқалық әкімдігінің бөлім басшысы адамдарды қағаз жүзінде жұмысқа алып, жалақысын өзі алып отырған

Azattyq Rýhy

«Жұмысшылар» күйеуіне тиесілі шаруа қожалығында жұмыс істеген

Арқалық әкімдігінің бөлім басшысы адамдарды қағаз жүзінде жұмысқа алып, жалақысын өзі алып отырған
Фото ашық дереккөзден

Арқалық қаласында әкімдіктің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бұрынғы басшысы Омарова үш адамды қоғамдық жұмысқа орналастырған болып, жалақысын өзі алып отырған. Мемлекетке 1,4 миллион теңге шығын келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жұмысшылар» күйеуіне тиесілі шаруа қожалығында жұмыс істеген.

Прокуратура істі сотқа жібере отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабының 1-бөлігі (Қызмет бабын асыра пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Тергеу барысында келтірілген залал толық көлемде өтелді.

Арқалық қалалық сотының 18 шілдедегі үкімімен Омарова Қ.А. кінәлі деп танылып, рақымшылық актісі бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі негізгі жазадан босатылды, сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.