$ 503.05  542.99  5.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.07.2023, 15:45
Қоғам

Жайылымдардың 40 пайызы өте нашар жағдайда - Аэроғарыш комитеті

Ал 4,0 млн га жайылым қатты деградацияланған

Жайылымдардың 40 пайызы өте нашар жағдайда - Аэроғарыш комитеті

ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жайылымдық жерлердің сапасы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жайылымдық алқаптардың ғарыштық мониторингі нәтижесінде 2022 жылдың көктемгі маусымында ҚР-ның 60 ауданы бойынша жайылымдық» алқаптардың 26,2%-ы өте нашар жағдайда және 33,4%-ы нашар жағдайда екені анықталды.2018-2022 жылдары ҚР АШМ Мал шаруашылығы департаментінің салалық міндеттерін шешу үшін жайылымдық жерлерге мониторинг жүргізілді. 2019 жылдан бастап мониторинг ҚР АШМ сұрауы бойынша ҚР әкімшілік аудандары бөлінісінде жүргізілді: 2019 және 2020 жылдары – 8 аудан аудан бойынша, 2021 жылы – 45 аудан, 2022 жылы – 60 аудан. 2023 жылдан бастап жайылымдық жерлерді спутниктік бағалау ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (ҚР СЖжРА ҰСБ) үшін ҚР барлық әкімшілік аудандары мен қалалық әкімшіліктері бөлінісінде жүргізіледі», - деді ол.

Ол 2022 жылғы көктемгі кезеңде жайылымдық жерлерді бағалау көрсеткіштері жайлы айтты.

  • 26,2% жайылым өте нашар жағдайда болды;
  • 1,4 млн  га жайылым қатты дәрежеде деградацияланған;
  • жайылымдық өсімдіктердің орташа өнімділігі 4,8 ц/га құрады.

2023 жылы көктемгі кезеңде жайылымдық жерлерді бағалау көрсеткіштері келесідей болды:

  •  40,0% жайылым өте нашар жағдайда болды;
  •  4,0 млн га жайылым қатты дәрежеде деградацияланған;
  •  жайылымдық өсімдіктердің орташа өнімділігі 4,6 ц/га құрады.

 

 

Серіктес жаңалықтары