Даулы аумақты елдерге балалармен шығу үшін қандай талапты орындау керек

Azattyq Rýhy

Министрлік топтық сапар кезінде ескерілетін талаптарды жариялады

Даулы аумақты елдерге балалармен шығу үшін қандай талапты орындау керек

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті білім беру процесі кезінде балалардың даулы аумақтағы елдерге топтық сапарларын келісу алгоритмін әзірледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Балалардың даулы аумақты мемлекеттерге сапарын келісу қажеттігі туралы өңірлерге тиісті хаттар жолданды. Бұл шара кәмелетке толмаған балалардың шетелге сапар кезінде қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Оқу кезінде балалардың даулы аумақты елдерге топтық сапарлары кезінде ескерілуі қажет:

  • Ата-аналардың немесе ұйымдастырушылардың даулы аумақтарға бару туралы хабардар ету үшін білім басқармасына немесе тікелей ҚР Оқу-ағарту министрлігіне жүгінуі.
  •  Ата-аналардың немесе ұйымдастырушылардың құжаттарды (бару мақсаты, жол жүру маршруты, ілесіп жүретін адамдар, кәмелетке толмағандардың тізімі, ұйымдастырушылар туралы мәліметтер) ұсынуы.

Одан әрі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті материалдарды зерделеп, қорытынды береді.

Айта кету керек, бүгінде ата-аналармен даулы аумақтардағы балалардың өмірі мен денсаулығына әсер етуі мүмкін қауіптер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Үйлестіру білім басқармаларына жүктелген.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.