$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.07.2023, 15:30
Қоғам

Былтыр 2,4 млн гектар жер учаскесі өртенген

Мониоринг 272 млн гекетар жерді қамтыды

Былтыр 2,4 млн гектар жер учаскесі өртенген

ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте дала өрттерінің мониторингі туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның айтуынша, 2022 жылы орман және дала өрттерінің мониторингі бойынша 2,4 млн га өртенген учаскелер анықталды.

«ҚР ТЖМ үшін су тасқыны жағдайында және орман және дала өрттері туындаған кезде уақтылы шешім қабылдау үшін ғарыштық мониторинг жүргізілуде. Бұл тиісті мемлекеттік және аумақтық органдардың ТЖ мен оның салдарын одан әрі жою үшін жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде төтенше жағдайлардан келтірілген залал азаяды. Мониторингпен Қазақстан аумағының 272 млн га (100%) қамтылды», - деді ол.

Оралмағамбетов атағандай, 2022 жылы ең көп өртенген аумақтар Шығыс Қазақстан облысында – 635 мың га, Қарағанды облысында – 492 мың га, Павлодар облысында – 223 мың га анықталды.

«Жер пайдалану мониторингі бойынша - 1 млн га пайдаланылмайтын егістік жерлер, 817 мың га егістік жерлерді мақсатсыз пайдалану, жайылымдық алқаптарда малдың болмауы - 12 млн га анықталды.Бас прокуратура үшін жерді пайдалануға байланысты заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ғарыштық мониторинг қызметтері көрсетіледі. 2020 жылдан бастап мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы барлық жерлерге аудит және жер кадастры ақпараттық жүйесімен салыстыру жұмыстары жүргізілуде. Қазақстанның барлық аумағында ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдаланудың ғарыштық мониторингі бірлесіп жүзеге асырылуда. Пайдаланылмайтын жайылымдық жерлер Алматы облысында – 1,3 млн га, Ақтөбе облысында - 1,3 млн га, Қарағанды облысында - 1,3 млн га», - деді ол.

Оның айтуынша, пайдаланылмайтын егістік жерлер Қостанай облысында – 277 мың га, Солтүстік Қазақстан облысында-126 мың га, Абай облысында – 90 мың га.

Серіктес жаңалықтары