Түркістан облысында 10 мектептің құрылысы бітпей жатыр

Azattyq Rýhy

Сондай-ақ облыстағы мыңға жуық мектептің 80%-інде интернет жылдамдығы төмен

Түркістан облысында 10 мектептің құрылысы бітпей жатыр
Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысында 10 мектептің құрылысы кестеден қалып келе жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Мердігер мекемелердің салғырттығынан Жетісай, Қазығұрт, Келес, Мақтаарал, Ордабасы, Төле би, Сауран, Түлкібас аудандарындағы білім ұялары жаңа оқу жылына дейін тапсырылмауы мүмкін. Сондай-ақ облыстағы мыңға жуық мектептің 80%-інде интернет жылдамдығы төмен. Салдарынан турникет, бейнебақылау камералары мен дабыл батырмалары істен шығып, қауіпсіздік талаптары сақталмай отыр. Білім сапасын бақылау департаментінің өкілдері бұдан өзге де кемшіліктерді анықтады. Аудан орталықтарынан шалғайдағы білім беру ұйымдарында санитарлық жағдайлар сақталмай, мектеп парталары тозып тұр. Кемшіліктерді жаңа оқу жылына дейін жою туралы жауапты басқармаға ұсыныс хат жолданды.

 «Ағымдағы оқу жылына дайындығын саралау мақсатында ішкі және сыртқы әжетханалардың жұмыс істеуі, мектептердегі қауіпсіздік, оның ішінде дабыл сигналдарының болуы, оның ішкі істер органдарына жалғануы бойынша аудандарда маниторинг жүргізіп жатырмыз», - деді облыстық Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Бейбіт Қазыбеков.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.